Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Астанада жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Медициналық қызметкерге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицияның мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына шақырту бойынша барған. Ол жерде екі мас ер адам болған, олардың бірі өзін жайсыз сезінетініне шағымданған.
Қажетті медициналық шаралар жүргізілгеннен кейін, медицина қызметкерлері оқиға орнынан кетпек болған сәтте ер адамдардың бірі фельдшерді ұрған. Куәгерлер полиция шақырған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция өкілдері төтенше қызметтердің маңызды әлеуметтік миссия атқаратын қызметкерлеріне қатысты кез келген агрессия, қорқыту және күш қолдану әрекеттері қатаң түрде тоқтатылатынын мәлімдеді.
Еске салайық, 7 наурызда Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Бұл өзгерістер медицина қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолдану және қорқыту әрекеттері үшін жазаны қатаңдатуды көздейді.


