Теңіз кен орнында оқиға тіркелді: зардап шеккендер жоқ

Теңіз кен орнында оқиға тіркелді. Бұл ақпаратты «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы растады.
Компанияның баспасөз қызметі оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін нақтылады.
«Компания белгіленген рәсімдерге сәйкес бастапқы себептерін бағалауды жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек, ТШО өзінің өндірістік қызметінің нақты бөлшектеріне қатысты пікір білдірмейді», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, әңгіме қондырғылардың біріндегі жергілікті тұтану туралы. Оқиға 11 наурыз күні кешке болған.
Еске салайық: 18 қаңтарда Теңіз кен орнында орналасқан үшінші буын зауытында өрт шыққан. Осыдан кейін Теңіз және Королевское кен орындарында мұнай өндіру тоқтатылған.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


