Түркия Қорғаныс министрлігі Ираннан ұшып келген тағы бір баллистикалық зымыранның ұсталғанын хабарлады

Түркия Қорғаныс министрлігі жұма, 13 наурыз күні Ираннан ұшып келген тағы бір баллистикалық зымыранның ұсталғанын хабарлады.
Министрліктің мәлімдеуінше, Ираннан ұшырылып, Түркияның әуе кеңістігіне кірген баллистикалық снаряд Шығыс Жерорта теңізінде орналастырылған НАТО-ның әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ПВО) және зымыранға қарсы қорғаныс бөлімшелері тарапынан залалсыздандырылған.
Ведомство Түркия аумағы мен әуе кеңістігіне бағытталған кез келген қауіпке қатысты барлық қажетті шаралар «батыл әрі кідіріссіз» қабылданатынын атап өтті.
Сондай-ақ хабарламада оқиғаның барлық қырын анықтау үшін тиісті елмен байланыстар жүргізіліп жатқаны айтылды.
Түркия Қорғаныс министрлігі өңірдегі барлық оқиғалар мұқият бақылауда болып, бағаланатынын, бұл ретте елдің ұлттық қауіпсіздігіне басымдық берілетінін мәлімдеді.
Түркиялық Savunma sanayi порталының жазуынша, залалсыздандырылған баллистикалық зымыран Аданадағы Инджирлик әуе базасына бағытталған.
Бұл — Түркия үстінде атып түсірілген Иранның үшінші зымыраны. Бұған дейін Түркия Қорғаныс министрлігі 4 және 9 наурызда Ираннан ұшырылған екі баллистикалық зымыранның атып түсірілгенін хабарлаған.
Мәліметте Түркияның шығысындағы Инджирлик базасында АҚШ-тың стратегиялық емес ядролық қаруы — B61 еркін құлайтын бомбалары орналасқаны көрсетілген. АҚШ-та осындай шамамен 200 бомба бар, олардың шамамен 100-і НАТО-ға мүше бес елдегі алты базада, соның ішінде Түркияда орналасқан.


