Алматыда Жандосов пен Әуезов көшелерінің қиылысында жаппай жол апаты болды

**Алматыда** Жандосов және Әуезов көшелерінің қиылысында жаппай жол-көлік оқиғасы болды.
Оқиға туралы редакцияға оқырмандар хабарлап, апат орнынан түсірілген фотосуреттерді жолдаған.
Суреттерге қарағанда, жол апатына № 95 автобус және бірнеше жеңіл автокөлік қатысқан. Жеңіл көліктер зақымданғаны көрінеді.
Оқырмандар ықтимал зардап шеккендер туралы ақпарат бермеді.
Ресми түсініктеме алу үшін Алматы полиция департаментіне және «Алматыэлектротранс» ЖШС-не сұрау жолданды.
Бұған дейін Алматының Әуезов ауданында жолаушылар автобусы қатысқан жаппай жол апаты болған. Ол апатта бала зардап шеккен.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


