Алматы – Астана рейсінде Airbus A321N ұшағы MAY-DAY дабылын беріп, Алматыға қайта қонды

17 желтоқсанда Алматы – Астана бағыты бойынша ұшқан Airbus A321N EI-KDG әуе кемесінің экипажы салонда түтіндену байқалуына байланысты MAY-DAY дабылын жариялады.
Әуе компаниясының түсіндіруінше, әуе кемесінің командирі борттағы кондиционер жүйесінен шыққан әдеттен тыс иіске байланысты дабыл беруге шешім қабылдаған.
«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесі Алматыға қайтып оралды. Қону жергілікті уақыт бойынша 7:40-та штаттық режимде орындалды», – делінген хабарламада.
Air Astana мәліметінше, рейс жолаушыларына ыстық және салқын сусындар, сондай-ақ снектер ұсынылған. Астанаға ұшу басқа әуе кемесімен 10:15-те орындалады.
Оқиға бойынша техникалық тексерудің белгіленген рәсімі жүргізіліп жатыр.
#Самолёт #Air #Astana #подал #сигнал #бедствия #ситуацию #прокомментировали #вавиакомпании #новостиказахстан #новостикз


