Алматыда күмәнді жеткізілімге тапсырыс берген Сьерра-Леоне азаматы қамауға алынды

Алматыда күмәнді жеткізілімге тапсырыс берген шетелдік азамат ұсталып, қамауға алынды.
Полиция мәліметінше, Сьерра-Леоне азаматы қораптың ішіндегі күмәнді мазмұнға назар аударған қырағы курьердің құқық қорғау органдарына хабар беруінен кейін ұсталған. Полиция қызметкерлерін көрген сәтте күдікті қашып кетуге әрекеттенгенімен, оқиға орнында тоқтатылды.
Қорапты тексеру барысында ішінен есірткі құралдарына жатуы мүмкін зат табылған.
Құқық қорғаушылардың анықтауынша, Сьерра-Леоне азаматы Қазақстан аумағында көші-қон заңнамасын бұза отырып жүрген.
Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Жанибек Шынасилов бұл жағдай азаматтық жауапкершілік пен қырағылықтың маңызын көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, курьер күмәнді жайттарды дер кезінде байқап, полицияға хабарлаған, соның арқасында тыйым салынған заттардың ықтимал таралуының алдын алуға мүмкіндік туған. Сондай-ақ мұндай фактілер полицияның ерекше бақылауында екенін және азаматтарды, оның ішінде курьерлік қызметтерді, заңсыз схемаларға тарту әрекеттері тоқтатылатынын айтты.


