Өскеменде жасөспірімдер қатысқан “9_16” қысқаметражды фильмінің премьерасы өтті

🎬 Буллингке қарсы үн: Өскеменде “9_16” фильмінің тұсаукесері өтті
Өскемендегі “Юбилейный” кинотеатрында “9_16” қысқаметражды фильмінің премьерасы өтті. Көрсетілімге 400-ден астам оқушы, ата-аналар мен қонақтар жиналды.
Фильм жастарды буллингке қарсы тұруға шақырып, достық пен өзара сыйластықтың маңызын көрсетеді.
Көрсетілім алдында арнайы көрме ұйымдастырылды. Онда көрермендер полиция көліктерін, криминалистика және киберполиция құралдарын, есірткі заттарының үлгілері мен арнайы жабдықтарды тамашалады. Балалар мен ата-аналар құқық қорғау органдарының жұмысымен жақын танысуға мүмкіндік алды.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


