Астана әкімдігі LRT іске қосылар алдында қалалық рельсті көлікте жолаушы тасымалдау қағидаларын талқылауға шығарды



















**Астана әкімдігі** қалалық рельсті көлікпен жолаушы тасымалдау қағидаларының жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Құжатта жолақы төлеу тәртібі, жолаушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ багажды алып жүру талаптары қамтылған. Бұл өзгерістер **LRT** іске қосылуына байланысты қарастырылып отыр.
Жоба **«Ашық НҚА»** порталында қоғамдық талқылауға ұсынылған. Әңгіме елорда әкімдігінің **«Астанада қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы»** қаулысының жобасы туралы. Құжатты әзірлеуші — қаланың **көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы**.
Жобаның түсіндірмесінде қағидалар **«Көлік туралы»** және **«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»** заңдарға сәйкес әзірленгені көрсетілген.
Қағидалар нені қамтиды Құжатта қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі белгіленген. Атап айтқанда, қағидалар:
- тұрақты тасымал маршруттарын бекіту тәртібін;
- жолақы төлеу ережелерін;
- жолаушы мен тасымалдаушының негізгі құқықтары мен міндеттерін;
- багаж және жануарларды алып жүру шарттарын анықтайды.
Құжат не үшін қабылданады Жеңіл рельсті көлік (LRT) — бөлінген жолдармен жолаушылар мен багажды тұрақты, әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша тасымалдайтын қалалық рельсті көлік түрі ретінде түсіндіріледі.
Заңнамаға сәйкес, мұндай көлік болған жағдайда әкімдіктер жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бекітуге міндетті. Жоба мақсаты — Астанада қалалық рельсті көлікпен жолаушы тасымалдауды заң талаптарына сай регламенттеу.
Қаулыны қабылдау **әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық тұрғыдан теріс салдарға әкелмейтіні** де көрсетілген.
Сонымен қатар, Астанадағы **LRT жолақысының құны** да белгілі болғаны айтылды.
Астанада жеңіл рельсті көлік желісінің (LRT) **сынақтық пайдалануға берілгеніне бес ай** болған. Әкімдіктің мәліметінше, жоба **қатаң кесте бойынша** жүзеге асырылып жатыр, ал жолаушылар тасымалын іске қосу **көктемге** жоспарланған. Толығырақ — фоторепортажда.


