Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай 160 қосымша әуе рейсі іске қосылады

Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай 160 қосымша әуе рейсі іске қосылады. Бұл туралы Көлік министрлігінде хабарланды.
Air Astana және FlyArystan әуе компаниялары 16–29 наурыз аралығында 146 қосымша рейс орындайды. Оның 80-і Алматы – Астана бағыты бойынша жоспарланған.
SCAT әуе компаниясы 19–21 наурыз күндері Алматы – Астана бағыты бойынша 5 рейс орындайды. Сонымен қатар компания 23–26 наурыз аралығында осы бағытта қосымша 4 рейс орындауды жоспарлап отыр.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


