15 наурызда Астанада қалалық және қала маңындағы автобустарда жолақы тегін болады

Жексенбі, 15 наурызда Астанадағы қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады.
Әкімдіктегілердің мәліметінше, бұл шара азаматтардың қатынауын жеңілдетуге және сайлау учаскелерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді — 06:00-ден 23:00-ге дейін, белгіленген кестеге сәйкес.
16 наурыздан бастап қоғамдық көлік әдеттегі режимде жұмысын жалғастырады.
Сондай-ақ, бүгін, 14 наурызда, Қазақстанда конституциялық реформа бойынша алдағы референдум қарсаңындағы тыныштық күні басталды. Тыныштық күні — сайлау немесе референдум алдында дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынатын кезең.
Бұған дейін Астанадағы LRT жолақысының құны белгілі болған еді.


