Астанада 15 сәуірден бастап 13 бағытта автобустар саны көбейеді

Астанада 15 сәуірден бастап 13 маршрутта қатынайтын автобустар саны көбейеді. Алты қалалық және жеті экспресс-маршрутқа қосымша 37 автобус қосылады.
Қосылатын 37 автобус маршруттар бойынша төмендегідей бөлінеді:
Қалалық маршруттар: - № 63 — енді 22 автобус (бұрын 19); - № 67 — енді 15 автобус (бұрын 10); - № 74 — енді 15 автобус (бұрын 10); - № 76 — енді 8 автобус (бұрын 5); - № 82 — енді 15 автобус (бұрын 10); - № 83 — енді 8 автобус (бұрын 6).
Экспресс-маршруттар: - № 501 — енді 12 автобус (бұрын 10); - № 502 — енді 12 автобус (бұрын 10); - № 503 — енді 12 автобус (бұрын 10); - № 505 — енді 12 автобус (бұрын 10); - № 506 — енді 10 автобус (бұрын 8); - № 507 — енді 10 автобус (бұрын 8); - № 508 — енді 10 автобус (бұрын 8).
CTS мәліметінше, автобустар санының артуы күту уақытын қысқартып, сапарды ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Астанада автобустарға арналған арнайы жолақтар бойынша шешім қабылданғаны айтылды. Профильді басқарманың хабарлауынша, 2026 жылы автобус жолақтарының ұзындығын 29,7 шақырымға ұлғайту жоспарланып отыр.


