Маңғыстау облысында бес тұрғын қалыңдық ұрлағаны үшін сотталды

Маңғыстау облысының бес тұрғыны қалыңдық ұрлау ісі бойынша сотталды. Ер адамдарға «адам ұрлау» және «некеге тұруға мәжбүрлеу» баптары бойынша айып тағылды.
Қылмыс 2025 жылғы желтоқсанда Жаңаөзен қаласында жасалған.
Оқиға сәті бақылау камераларына түсіп қалған. Видеода бірнеше адамның қызды күшпен көлікке отырғызғаны көрінеді. Қыз қарсылық танытқанымен, ер адамдарға қарсы тұра алмаған.
Осы дерек бойынша полиция тергеу бастаған. Оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығы қысқа уақытта анықталған. Нәтижесінде сот әрқайсысын үш жылға колонияға соттады.
Сондай-ақ 2026 жылғы наурызда Маңғыстау облысында қалыңдық ұрлау бойынша тағы бір үкім шықты. Бұл жолы айыпталушылар қатарында өңірдің екі тұрғыны болды. Сот олардың әрқайсысын үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.


