Тараздағы гимназияда 10-сынып оқушысы үзілісте соққыға жығылып, ауыр жарақат алды

Тараздағы қалалық гимназиялардың бірінде 10-сынып оқушысы үзіліс кезінде соққыға жығылды. Жасөспірім операциядан өтіп, туыстарының айтуынша, ауыр жағдайда жатыр.
Дәрігерлер баланың анасына оның «көзін бөлшектеп жинағанын» айтқан.
«Кем дегенде орган ретінде тұрсын деп. Оның айтуынша, 10 күн, дейді, қазір маңызды: “Миына инфекция жетпесін деп дұға қылыңыздар”. Бас миының шайқалуы, контузия, дейді, бала алған. Бас миының шайқалуы, көз ағып кеткен, көз түбі толықтай шығып кеткен», — деді баланың анасы Зухра Каримова.
Оқиға сабақ арасындағы үзілісте ұлдардың киім ауыстыратын бөлмесінде болған. 15 жастағы Дамирді ол жерге 9-сынып оқушылары алдап кіргізген болуы мүмкін.
Бақылау камерасына түскен кадрларға қарағанда, әңгіме бірден төбелеске ұласқан. Жәбірленушінің досы көмектесуге тырысқанын, бірақ өзін ұстап тұрғанын айтқан. Сол кезде Дамирдің басынан ұрған. Одан кейін ол киім ауыстыратын бөлмеден өздігінен шыға алған.
Бала көзінен ауыр жарақат алып, операция жасатқан. Ол көп нәрсені есіне түсіре алмайды. Анасына шабуылдаушылардың қолында темірге ұқсас бір затты көріп қалғанын айтқан.
Полиция оқиға бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жамбыл облысының полиция департаменті тергеу қорытындысы бойынша оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін, сондай-ақ мектеп оқушыларының ата-аналары кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, 2026 жылғы наурызда Таразда полиция 9-сынып оқушысын құрбыларының тобы ұрып-соққаны бойынша істі тергей бастағаны айтылды. Күдіктілер есепке қойылған. Жәбірленушінің туыстары күдіктілердің бостандықта қалғанына наразы. Жәбірленушінің анасы қызын жеті қыз кастетпен ұрғанын мәлімдеді.


