Алматы зоопаркі: Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюларының екі қонжығы дүниеге келді

Алматы зоопаркінде жаңа төл пайда болды: Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюларынан қонжықтар дүниеге келді.
Қонжықтар Курманбек пен Герда жұбында туған.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, бұл — аналық аюдың төртінші төлі. Қонжықтар қаңтар айында туған және алғашқы айларда паналауда болып, анасының сүтімен қоректенген. Қазір олар анасының бақылауымен вольерге шыға бастаған.
Анықтама: Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus) — Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек, жойылып бара жатқан түр тармағы. Ол республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы жүйелерде мекендейді. Оған аңшылық жасауға 1978 жылдан бері тыйым салынған, ал негізгі популяциялар қорықтарда (мысалы, Ақсу-Жабағылы) қорғалады.
Дәстүр бойынша, Алматы зоопаркі жаңа туған қонжықтарға — ұл мен қызға — ат таңдауға қатысқысы келетіндерді шақырады.
Бұған дейін оңтүстік астанадағы зоопаркте амур жолбарысының күшіктері туған. Қызметкерлер олардың есімін таңдауды ұсынған, нәтижесінде күшіктерге Алан, Арлан және Талан деген ат берілген.


