Алматыда «болашақ көлігі» жоспары: SkyTrain жобасы әзірге бастапқы кезеңде

2025 жылғы қыркүйекте Алматы билігі «болашақ көлігі» бағытындағы даму жоспарларын ұсынды. 2030 жылға дейінгі мастер-жоспарға сәйкес, қала тұрғындары мен қонақтарын жеке автокөліктен қоғамдық көлікке біртіндеп көшіру жоспарланып отыр. Негізгі бағыттар қатарында BRT, LRT, метро, канат жолдары және SkyTrain аталды.
Алғашқы үш жоба ұзақ уақыттан бері талқыланып келе жатқанымен, SkyTrain жуырдаға дейін көлеңкеде қалып келген. Жобаға қатысты түсініктеме алу үшін жол инфрақұрылымын дамыту басқармасына сұрау жолданған.
SkyTrain деген не Ведомствоның мәліметінше, SkyTrain — эстакадалармен жүретін, жол кептелісіне тәуелсіз жоғары жылдамдықты монорельсті көлік. Жобаның бастамашысы — Алматы әкімдігі.
Күтілетін нәтиже ретінде жүйені іске асыру:
- көлік ағындарын қайта бөлуге,
- жолдарға түсетін жүктемені азайтуға,
- көшелердің өткізу қабілетін арттыруға,
- қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді деп көрсетілген.
Құрылыс қашан басталады Қазіргі таңда жоба ең бастапқы кезеңде. Әкімдіктің хабарлауынша, жақын уақытта техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірлеу жоспарланған. ТЭН болмайынша:
- желілердің маршрутын,
- жобаның нақты құнын,
- қаржыландыру көздерін,
- іске асыру мерзімдерін
анықтау мүмкін емес.
Сонымен бірге жобаға көлік инфрақұрылымы саласында тәжірибесі бар халықаралық компанияларды тарту жоспарланып отырғаны белгілі.
Қанша тұруы мүмкін

«Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі көлік қаңқасының мастер-жоспарындағы» алдын ала бағалауларға және ұқсас жобаларды талдауға сүйенсек, Алматыда жоғары жылдамдықты қоғамдық көліктің толыққанды қаңқасын құруға 2,8 триллион теңгеге дейін қажет болуы мүмкін.
Осы соманың шамамен 150 миллиард теңгесі BRT, метро және LRT үшін жылжымалы құрамға жұмсалуы ықтимал.
SkyTrain-нің жеке құнына қатысты бөлек бағалау әзірге жоқ.
Неліктен билік қоғамдық көлікке басымдық беріп отыр Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, қала жолдарына түсетін жүктеме сыни деңгейге жеткен.
Күн сайын көшелермен 1,1 миллионнан астам автокөлік қозғалады.
Бас жоспарға сәйкес, 2030 жылға қарай Алматы халқы 2,5 миллион адамға дейін өседі, ал автомобилизация деңгейі 1000 тұрғынға 311 көлікке жетеді.
«Жолдарды кеңейту және жолайрықтар салу уақытша ғана әсер береді. Ұзақ мерзімді шешім — қоғамдық көлікті дамыту», — деді Сматлаев.
Ол қоғамдық көлік қаланың көлік жүйесін дамытудың негізгі бағыты болатынын атап өтті.
Президент тапсырмасы 2026 жылғы наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Дархан Сатыбалдыға LRT және SkyTrain жобаларын іске қосуды жеделдетуді тапсырды.
Жалпы алғанда, басымдық қоғамдық көлікті дамыту болып қала береді. Оған BRT желісін кеңейту, метро салу және жаңа көлік шешімдерін енгізу кіреді.
Басқа елдердегі тәжірибе SkyTrain әлемнің бірнеше елінде қолданылады: Канада (Ванкувер), Таиланд (Бангкок) және Қытай (Ухань).
Канада, Ванкувер Ванкувердегі SkyTrain жүйесі 1986 жылдан бері жұмыс істейді және әлемдегі алғашқы толық автоматтандырылған көлік жүйелерінің бірі саналады. Ол Expo Line, Millennium Line және Canada Line атты үш желіні қамтиды, пойыздар машинистсіз қатынайды.
Жолақы құны:
- 1 аймақ — шамамен 3,35 доллар;
- 2 аймақ — 4,85 доллар;
- 3 аймақ — 6,60 доллар.
Таиланд, Бангкок Бангкоктағы BTS Skytrain жүйесі шамамен 68,5 шақырымды қамтиды және 60 станциядан тұрады. Пойыздар жолдардың үстімен жүретіндіктен, кептелістерден айналып өтуге мүмкіндік береді.
Жолақы құны:
- 17 баттан (шамамен 250 теңге) 59 батқа дейін (шамамен 870 теңге).
Қытай, Ухань Уханда ұзындығы шамамен 26,7 шақырым болатын, 16 станциясы бар монорельсті желі жұмыс істейді. Жоба құны шамамен 1,92 миллиард юань болған.
2020 жылғы 28 шілдеде жерүсті теміржолына арналған алдын ала қадалы іргетас құрылысы басталды. 2023 жылғы 27 қыркүйекте, Қытай билігінің мәліметінше, алғашқы коммерциялық аспалы монорельсті жол іске қосылды.
Қорытынды Алматыдағы SkyTrain әзірге құжаттама әзірлеу кезеңінде, жобаның нақты мерзімі мен параметрлері анықталмаған. Дегенмен, оның жоспарға енгізілуі қаланың жеке автокөліктен гөрі қоғамдық көлікке басымдық беретін жаңа көлік моделіне біртіндеп көшіп жатқанын көрсетеді.
Жоба іске асса, ол қаланың көлік жүйесіндегі ең технологиялық шешімдердің бірі болуы мүмкін.


