Тараздық мектеп оқушысы әкесінен алимент өндіріп алды: сот 17 АЕК төлеуді міндеттеді

Таразда анасы мен ағасынан айырылған мектеп оқушысы әкесіне қарсы талап арыз беріп, алимент өндіріп алды. Іс материалдарына сәйкес, әкесі бұған дейін ата-ана құқықтарынан бас тартқан.
Істің мән-жайы 2008 жылы қыздың әкесі екі баласына, соның ішінде осы қызына қатысты ата-ана құқықтарынан нотариалды түрде бас тартқан. 2018 жылы мектеп оқушысының анасы мен ағасы қайтыс болғаннан кейін, ол әжесінің қолында тұрып, толықтай соның қамқорлығында болған.
Әкесі материалдық көмек көрсетпеген және байланыстан қашқақтаған. Қыздың айтуынша, көмек сұраған кезде әкесі оның телефон нөмірін бұғаттап отырған. Оқуы мен тұруына байланысты барлық шығынды әжесі көтереді, алайда қаражат тек ең қажеттісіне ғана жететіні көрсетілген.
Сот талқылауы Алимент өндіру туралы талаппен сотқа жүгінген мектеп оқушысы қаржылық қиындықтарды алға тартқан. Әкесі алиментті ішінара өндіруді сұрап, басқа некеде төрт баласының барын және несие міндеттемелерін негіз еткен.
Алайда сот оның еңбекке қабілетті екенін және бірнеше кәсіпорыннан табысы барын анықтаған.
"Примечательно, что в день вынесения решения ответчик снялся с учёта в качестве предпринимателя, а незадолго до этого официально оформил отцовство в отношении четырёх других детей. Суд расценил это как попытку искусственно снизить размер алиментов", - говорится в сообщении.
Сот шешімі Тараз қалалық соты әкесін қызы мектептегі оқуын аяқтағанға дейін ай сайын 17 АЕК (66 844 теңге) төлеуге міндеттеді. Шешімге шағым түсірілгенімен, Жамбыл облыстық соты оны өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


