ТЖМ қызметкерлері Оралда шұңқырға түскен жедел жәрдем көлігін шығарып алуға көмектесті 🚑

Бүгін түнде Орал қаласы, Зачаганск кентінде, Шұғыла көшесі бойында 112 пультіне науқасқа бара жатқан жедел жәрдем бригадасының автокөлігі алдыңғы дөңгелектерімен шұңқырға түсіп, жүргізуші өздігінен шыға алмай қалғаны туралы хабарлама түсті.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, көлікті шығарып, сүйреп әкетті. Көлік ішінде 3 адам болған.
Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Жүргізуші құтқарушыларға жедел көмегі үшін алғысын білдірді. 🚑
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


