Оралда құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған бес жасар балаға көмектесті

Орал қаласында Исатай Батыр көшесіндегі пәтерде бес жасар бала жалғыз қалып, есікті ашпай қойғаны туралы 112 пультіне алаңдаған анадан хабарлама келіп түсті.

🧗 Құтқарушылар бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орналасқан пәтерге терезе арқылы кіріп, есікті ашты. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен баланың анасы болды.
Анықталғандай, ата-аналары жұмыста болған кезде, үлкен ағасы інісін үйде қалдырып, мектепке кетіп қалған. Сол уақытта бала қонақ бөлмесінде ұйықтап жатқан.
✅ Бала анасының қолына берілді, медициналық көмек қажет болған жоқ.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


