Астанада LRT құрамын қолмен жылжытқан жұмысшылар видеоға түсіп қалды

Астанада LRT құрамын қолмен жылжытқан жұмысшылар көзге түсті.

Әлеуметтік желілерде бірнеше адамның вагондарды екі жағынан итеріп, орын ауыстырып жатқан видеосы жарияланды.
CTS өкілдерінің түсіндіруінше, қазір вагондарды рельске орнатқаннан кейін оларды өзара қосуға арналған техникалық кезең жүріп жатыр, ал вагондар әзірге жұмыс режимінде емес.
Вагондардың аздаған орын ауыстыруы бақылаудағы жағдайда қолмен жүзеге асырылады. Барлық жұмыс қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіліп жатыр.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


