Ослода АҚШ елшілігі маңында жарылыс болды

Норвегияның астанасы Ослода АҚШ елшілігі маңында жарылыс болды.
Полицияның NRK телеарнасына хабарлауынша, жарылыс 8 наурызға қараған түні АҚШ елшілігінің кіреберісіне жақын жерде болған. Оқиға салдарынан ғимарат аздаған зақым алған, ешкім зардап шекпеген.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері куәгерлерден жауап алып, күдіктілерді іздестіріп жатыр. Сонымен қатар оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Елшілік орналасқан Сёркедальсвейен көшесі көлік қозғалысы үшін жабылды.
Бұған дейін Иран Дубайдың танымал туристік ауданындағы 23 Marina Tower атты көпқабатты тұрғын үй ғимаратына соққы жасағанын мәлімдеген. Тегеранның айтуынша, шабуылдың нысанасы америкалық әскери күштер болған.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


