«Қазгидромет» пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Қазақстан бойынша сағаттық дәлдікпен ауа райын көрсететін интерактивті картаны іске қосты

Енді ауа райы болжамын нақты уақыт режиміне жақын форматта бақылауға болады. «Қазгидромет» пен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары Қазақстан бойынша ауа райын көрсетуге арналған интерактивті картаны іске қосты.
Жаңа жүйе Қазақстанның бүкіл аумағындағы метеожағдайды сағаттық дәлдікпен қадағалауға мүмкіндік береді. Интерактивті карта ұяшықтарға бөлінген, әр ұяшықта негізгі метеокөрсеткіштер көрсетіледі: ауа температурасы, жауын-шашын, желдің жылдамдығы мен бағыты.
Болжаммен «Қазгидромет» сайтында танысуға болады. Пайдаланушылар уақыт шкаласы бойынша жылжып, болашақтағы да, өткен деректерді де қарай алады, сондай-ақ бұлттардың және жауын-шашын аймақтарының анимациялық қозғалысын бақылау мүмкіндігі қарастырылған.
Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша РГП «Қазгидромет» метеорологиялық болжамдар бөлімінің басшысы Даулет Кисибаевтың айтуынша, деректер күн сайын жаңарып отырады:
– Обновляются каждый день, то есть каждый день поступают глобальные данные, а они подгружаются в модель. Модель всё рассчитывает. И также как раз-таки 2-км модель – последняя, которую сделали, последнее разрешение. Они обучают её на основании данных станций для того, чтобы ещё лучше спрогнозировать какие-то локальные явления.
Болжамды жаңарту күн сайын таңғы алтыда жүргізіледі, ал ақпарат әр сағат сайын шығып отырады. Жүйе тәуліктік емес, 36 сағатқа арналған болжам қалыптастырады.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін түстік шкала енгізілген, ол ауа райы жағдайын жылдам бағалауға көмектеседі. Жаңа жүйе қауіпті табиғи құбылыстар туралы тиімдірек ескертуге мүмкіндік береді, әсіресе Алматының таулы аудандарында және елдің оңтүстік-шығысында.
Farabi Supercomputer Center директоры Амирхан Темирбаев суперкомпьютерлік кластердің академиялық бағытта жұмыс істейтінін атап өтті:
– Наш суперкомпьютерный кластер является академическим кластером. Поэтому мы будем продолжать работу, вести работу с университетами, с учёными нашей страны. А также мы готовы работать с госорганами по разным направлениям, поскольку возможности суперкомпьютера позволяют это.
Алдағы уақытта әзірлеушілер модельді жетілдіріп, болжамның дәлдігін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл тұрғындарды қолайсыз ауа райы құбылыстары туралы одан да жедел ескертуге мүмкіндік береді деп күтіледі.
Авторлар: Гафу Уали, Сержан Жумабаев


