14 өңірде, сондай-ақ Астана мен Алматыда тұман, көктайғақ және қатты жел күтіледі

Синоптиктер елдің 14 облысында, сондай-ақ Астана мен Алматыда тұман, көктайғақ және қатты жел күтілетінін болжап отыр. Осы өңірлерде дауылды ескерту жарияланған.
Қалалар бойынша болжам
Астана — көктайғақ күтіледі. Таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан, түнде және таңертең екпіні 15–20 м/с.
Алматы — кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Іле Алатауы тауларында (Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) да кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, кей уақытта екпіні 15–20 м/с.
Өңірлер бойынша болжам
Жетісу облысы — жел солтүстік-шығыстан, облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с.
Алматы облысы — облыстың батысында, оңтүстігінде, тау бөктері мен таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, оңтүстікте, тау бөктері мен таулы аудандарда кей уақытта екпіні 15–20 м/с. Қонаевта түнде тұман күтіледі.
Қарағанды облысы — облыстың солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с. Қарағандыда түнде және таңертең аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, түнде екпіні 15 м/с.
Ұлытау облысы — түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы — түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысы — облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15–18 м/с. Ақтөбеде кей уақытта тұман күтіледі.
Абай облысы — түнде облыстың батысы мен солтүстігінде қар, боран; күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында 15–20 м/с, екпіні 23 м/с. Семейде түнде қар, боран; күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан, түнде және таңертең екпіні 15–18 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы — облыстың солтүстігі мен шығысында қар, боран күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан, облыстың батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с, екпіні 23 м/с. Өскеменде таңертең және күндіз қар, боран күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, екпіні 15–18 м/с.
Павлодар облысы — облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында 15–20 м/с. Павлодарда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Ақмола облысы — түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын; күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан: түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15–20 м/с, облыстың солтүстігі мен шығысында кей уақытта екпіні 23–28 м/с; күндіз облыстың шығысында 15–20 м/с. Көкшетауда түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, түнде және таңертең екпіні 15–20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы — түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ; күндіз осы аумақтарда аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан: түнде 15–20 м/с, облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде екпіні 23–28 м/с; күндіз облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Петропавлда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ; күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, түнде 15–20 м/с.
Қостанай облысы — облыстың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан, облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Қостанайда тұман күтіледі.
Қызылорда облысы — облыстың солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман болады.
Ұлытау облысы — түнде облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар, боран; күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с.


