АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бірлескен операциясының алғашқы аптасы шамамен 6 млрд долларға түсті

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бірлескен әскери операциясының алғашқы аптасы Вашингтонға шамамен **6 миллиард доллар** шығын әкелді. Сонымен бірге бұл қақтығыстағы жеңістің қандай түрде көрінуі мүмкін екені әлі де түсініксіз болып отыр.
New York Times мәліметінше, осы аптада Пентагон өкілдері АҚШ Конгресіне алғашқы **жеті күндегі** ұрыс қимылдарының шығыны шамамен **6 миллиард доллар** болғанын хабарлаған. Бұл соманың шамамен **4 миллиарды** оқ-дәріге, соның ішінде Иранның жауап соққыларын тойтару үшін қолданылған **зымыран-тосқауылдағыштарға** жұмсалған.
Басылымның жазуынша, «Тегерандағы кешенге жасалған соққы соғыстың алғашқы аптасындағы күрделі шындықты көрсетеді: АҚШ пен Израильдің әлсіреген қарсыласқа қарсы жойқын әуе науқаны жүріп жатыр, бірақ жеңістің қандай болуы мүмкін екені туралы сұраққа жауап өте аз».
Қақтығыс басталғалы АҚШ пен Израиль күштері Иран аумағындағы нысандарға шамамен **төрт мың** соққы жасаған. Олардың қатарында **баллистикалық зымыран позициялары**, **әскери штабтар** және **әскери-теңіз күштерінің объектілері** бар. Соған қарамастан, Тегеран өз әскери әлеуетінің едәуір бөлігін сақтап отыр. Конгреске жабық брифингтерде ұсынылған америкалық лауазымды тұлғалардың бағалауынша, Иран әлі де өз зымыран арсеналының шамамен **жартысына** және **ұшқышсыз аппараттардың** едәуір бөлігіне ие.
Еске салайық, Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс басталғаннан кейін интернетте **Cost of the Iran War** («Ирандағы соғыстың құны») атты сайт пайда болып, АҚШ-тың Иранға қарсы операциясына жұмсалған шығынды нақты уақыт режимінде есептеп отыр.
**8 наурыздағы** жағдай бойынша шығын көлемі **8 миллиард доллардан** асты.


