Ерлан Нысанбаев Ираннан келуі мүмкін «қышқыл жаңбыр» туралы ақпаратқа пікір білдірді

Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бұған дейін тараған Иран аумағынан келуі мүмкін «қышқыл жаңбыр» туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл сұрақ оған Мәжіліс кулуарында қойылды.
Журналистер қышқыл жауын-шашынның түсу қаупі бар-жоғын және жағдайды ведомство қалай бақылап отырғанын сұрады. Министрдің айтуынша, мамандар мұндай қауіпке қатысты алаңдаушылықты бөліспейді.
«“Қазгидромет” ақпараты бойынша, бұл — мүлде шындыққа жанаспайтын нәрселер. Қышқыл жаңбыр — бұл күкірт пен азот оксидтері, жалпы алғанда бұл бөлшектер қысқа қашықтықтарға ғана таралады. Сондықтан, өзбек әріптестеріміз де растағандай, Орталық Азияда қышқыл жаңбырдың түсу қаупі жоқ», — деді Ерлан Нысанбаев.
Министр Қазақстанның бұл мәселеде қауіпсіз аймақта орналасқанын атап өтті. Сондай-ақ синоптиктердің мәліметінше, алдағы апталарда жел бағыты оңтүстік-батыс болады, бұл да тәуекелдерді жоққа шығарады.
Бұған дейін “Қазгидромет” Иран аумағынан «қышқыл бұлттардың» жақындауы туралы ақпаратқа да пікір білдірген болатын.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


