Сергеев су қоймасында мұз астына түскен екі балықшы құтқарылды

🚨 Мұз астына түскен екі балықшы құтқарылды
📍 Кешкі уақытта Қостанай облысы Рудный қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан Сергеев су қоймасында төтенше жағдай болды. Мұз үстімен жүрген екі ер адам суға түсіп кеткен.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар мен полиция қызметкерлері құтқару жұмыстарын бастады.
✅ Қызметтердің үйлесімді әрекетінің арқасында екі балықшы да құтқарылды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем қызметі арқылы Рудный қалалық ауруханасына жеткізілді.
❗ ТЖМ ескертуінше, көктем мезгілінде мұздың беріктігі төмендеп, аса қауіпті болады. Мұз үстіне шығу өмірге қауіп төндіреді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


