Қостанай облысында мұз астына түсіп кеткен екі балықшы құтқарылды

🔹 Қостанай облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен екі балықшыны құтқарды
Оқиға Рудный қаласы маңындағы Сергеев су қоймасында болды. Мұз үстімен жүрген екі ер адам суға құлап кеткен.
Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері мен құтқарушылар жедел әрекет етіп, арқанның көмегімен екеуін де аман алып шықты. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді.
⚠️ Ескерту: көктемде мұз жұқарып, аса қауіпті болады. Өз өміріңізді қатерге тікпеңіз!
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


