Қостанай облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен екі балықшыны құтқарды

🔹 Қостанай облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен екі балықшыны құтқарды

Оқиға Рудный қаласына жақын орналасқан Сергеев су қоймасы ауданында болды. Екі ер адам мұз ойылып, мұздай суға құлаған.
Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері мен құтқарушылар жедел көмекке келіп, арқанның көмегімен зардап шеккендерді судан шығарып алды. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілді.
⚠️ Маңызды: көктемде мұз жұқарып, қауіпті болады. Өміріңізге қауіп төндірмеңіз.
#НАШАПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


