СҚО-да полицейлер мұздай суға түсіп кеткен 86 жастағы әйелді құтқарды

🚔 Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары түнгі уақытта адасып, мұздай суға түсіп кеткен 86 жастағы әйелді тауып, құтқарды.
Оқиға Саумалкөл ауылында болған. Әйел кешкісін үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған соң, көршілері полицияға хабар берген. Іздестіру жұмыстары барысында ол аудан орталығынан бірнеше шақырым жердегі жол маңынан табылды.
Анықталғандай, зейнеткер еріген қар суы жиналған орға түсіп кетіп, өздігінен шыға алмай қалған. Полицейлердің бірі мұздай суға түсіп, әйелді арқалап алып шықты. Қатты тоңып, әлсіреген әйелге көмек көрсетіліп, үйіне жеткізілді.
Полицияның жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алып, әйел аман-есен құтқарылды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
🚔 Вынес на плечах из ледяной воды: полицейские спасли 86-летнюю женщину в СКО
В Северо-Казахстанской области сотрудники полиции в ночное время нашли и спасли 86-летнюю пожилую женщину, которая заблудилась и оказалась в ледяной воде. Жительница села Саумалколь вечером вышла из дома и не вернулась, после чего соседи обратились в полицию. В ходе поисков ее обнаружили в нескольких километрах от районного центра, возле дороги.
Как выяснилось, пенсионерка упала в канаву, заполненную талой водой, и не смогла выбраться самостоятельно. Один из полицейских спустился в ледяную воду и вынес ее на плечах. Пожилой женщине, сильно замерзшей и ослабленной, оказали помощь и доставили домой.
Благодаря оперативным и слаженным действиям полиции удалось предотвратить трагедию, и женщина была спасена. В настоящее время ее жизни и здоровью ничего не угрожает.
#НАШАПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ


