Жезқазғандағы “Өрмекші адам”: терезе арқылы шығу әрекеті қайғылы аяқтала жаздады

🚨 Жезқазғандағы “Өрмекші адам”: терезе арқылы шығу әрекеті қайғылы аяқтала жаздады
Кейде бір ғана ұмыт қалған кілт байламы қауіпті трюкке айналуы мүмкін.
6 сәуір күні сағат 22:27-де кезекші бөлімге хабарлама түсті: Росков көшесінде ер адам үшінші мен екінші қабаттың арасында ілініп қалып, құлап кету қаупі бар екені айтылған.
42 жастағы қала тұрғыны сөзбе-сөз тұзақта қалған: төмен түсу — тым биік, ал кері қайту — қол жетпейтін. Күші де сарқыла бастаған.
Оқиға орнына алғаш болып полицейлер жетті. Жағдай — аса күрделі, уақыт — секундпен өлшенді.
Үшінші қабаттағы пәтердің есігін ешкім ашпаған. Осыдан кейін қызметкерлер төменгі көршілер арқылы әрекет ету туралы шешім қабылдады.
Полицейлердің бірі тәуекелге барып, екінші қабаттың терезесінен еңкейіп шығып, ер адамды аяғынан ұстап, ауада ұстап тұрды. Сол сәтте оның әріптесі белінен ұстап, сақтандырып тұрған.
Бірнеше секундтан кейін ер адамды пәтердің ішіне тартып кіргізді.
Кейін белгілі болғандай, бұл суицид әрекеті емес. Ер адам үйінде қамалып қалып, терезе арқылы “шығуға” тырысқан, бірақ есептен жаңылған.
Полиция жылдамырақ әрекет етті.
Егер есік тарс жабылып қалса — мамандарды шақырыңыз. Өйткені келесі қадам өмірге қауіп төндіруі мүмкін.
#НАШАПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ


