Қостанай облысында учаскелік инспектор көмірқышқыл газына уланған 54 жастағы ер адамды құтқарып қалды

🚨 Қостанай облысында учаскелік инспектор газға уланып қалған ер адамды құтқарып қалды

Қостанай облысында ауылдардың бірінде жазатайым оқиға болды. 54 жастағы ер адам көмірқышқыл газына уланып қалған. Зардап шеккен азамат II топтағы мүгедектігі бар жан.
Учаскелік полиция инспекторы Дархан Турғановтың жедел әрекетінің арқасында оған дер кезінде көмек көрсетілді. Ер адам шұғыл түрде Арқалық өңірлік ауруханасына жеткізілді.
🗣 Ауыл тұрғынының айтуынша, дәл полицейдің жеделдігі мен кәсібилігі шешуші рөл атқарған.
🎖 Дархан Турғановтың батылдығы мен кәсібилігі бұған дейін де жоғары бағаланған: 2024 жылы боран кезінде азаматтарды құтқарып қалғаны үшін Президент Жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


