Мәскеуге бағытталған украин дрондары: ПВО кемінде 66 БПЛА-ны жойғаны хабарланды

Мәскеу мэрі Сергей Собянин әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ПВО) күштері Ресей астанасына қарай ұшқан кемінде 66 украин беспилотнигін жойғанын мәлімдеді.
Барлық дрондар 12 сағаттан аз уақыт ішінде атып түсірілгені айтылды. Ресейлік БАҚ-тың бағалауынша, сенбі күнгі бұл шабуыл жыл басынан бергі ең ауқымдысы болған.
Собяниннің айтуынша, төтенше қызмет мамандары құлаған сынықтар түскен жерде жұмыс істеп жатыр.
Telegram-каналдағы мәліметке сәйкес, Домодедово және Жуковский әуежайларында ұшақтардың қонуы мен ұшуына уақытша шектеулер енгізілген. Сенбі күні күндіз ұшу шектеулері Внуково әуежайында да қолданылған.
Telegram-каналдың дерегінше, БПЛА-лар Мәскеудің Троицк округінде байқалған. Мәскеу облысындағы Королев қаласында жергілікті тұрғын өзінен 200 метр жерде украин БПЛА-сының атып түсірілгенін көрген. Орталық сақина автожолы ауданында екі дрон жойылғаны айтылды. Жарылыстар Краснопахорский ауданында, Дубнада және Волоколамскіде естілген.
Өз кезегінде РФ Қорғаныс министрлігі Telegram-каналында Мәскеуге бағытталған 47 дронның жойылғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, Мәскеу уақытымен 11:00-ден 21:00-ге дейін (Қазақстан уақытымен 13:00-тен 23:00-ге дейін) Брянск, Калуга, Белгород, Тверь, Смоленск, Курск облыстары, Краснодар өлкесі және Мәскеу өңірі аумақтарында барлығы 280 украин БПЛА-сы ұсталған.
Бұған дейін бірнеше күн бұрын Украина Ресейдің Брянск қаласына шабуыл жасап, микроэлектрониканың негізгі зауытын зақымдағаны айтылды. Жергілікті биліктің мәліметінше, зымыран шабуылы салдарынан алты адам қаза тауып, 37 адам жараланған. Зардап шеккендердің бір бөлігі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.


