Астанада «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қорытынды отырысы өтті

Астанадағы Президенттік орталықта «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының қорытынды отырысы өтті. Іс-шараға саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Парламент депутаттары, сарапшылар және қоғам пікірінің көшбасшылары қатысты.
Республикалық референдум қарсаңында жиынға қатысушылар түсіндіру науқанының қорытындыларын шығарып, жаңа Конституция жобасына қоғамдық қолдау деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Іс-шарада Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин, премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және басқалар сөз сөйледі.

Отырысты ашқан жалпыұлттық коалиция жетекшісі Ерлан Қошанов алдағы референдумның тарихи маңызын атап өтіп, оның мемлекет пен қоғам дамуының жаңа кезеңін бастайтынын айтты. Оның сөзінше, коалиция мүшелері елдің дерлік барлық қалалары мен ауылдарын аралап, миллиондаған азаматтармен кездескен.
Ерлан Қошанов қазақстандықтар жаңа Конституцияның құндылықтарын бөлісетінін және елдің болашағын осы құжатпен байланыстыратынын жеткізді.
«С новой Конституцией мы вступаем в новую эпоху. Это Конституция, в которой ощущается дыхание тысячелетней истории. Она отражает энергию и стремления молодого поколения. Конституция, в которой звучит голос народа. В новом Основном законе ясно просматривается личный почерк Президента, его жизненные принципы и реформаторский стиль. Нужно прямо сказать: Глава государства направляет весь свой опыт, знания и силы на служение стране и будущему народа», – деді ол.
Ерлан Қошанов жалпыұлттық коалиция мүшелеріне, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақтар, жастар белсенділері мен еріктілер өкілдеріне атқарылған жұмыс үшін алғыс айтты. Қысқа уақыт ішінде ел бойынша миллиондаған азаматты қамтыған ондаған мың іс-шара өткізілгені айтылды.
Коалиция мүшелері әртүрлі мамандық пен әлеуметтік топ өкілдерімен – шахтерлер және металлургтермен, студенттер және ғалымдармен, дәрігерлер және мұғалімдермен, кәсіпкерлермен, жастармен, IT саласының мамандарымен, мәдениет пен өнер қайраткерлерімен кездескен. Кездесулер алыс ауылдарда, еңбек ұжымдарында, жоғары оқу орындарында, ауруханаларда, мектептерде, шахталар мен зауыттарда өткен. Жиындарда адамдар жаңа Конституция нормалары бойынша ашық пікір білдіріп, белсенді түрде сұрақ қойып, өз ойларымен бөліскені атап өтілді.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин өңірлердегі көптеген кездесулер барысында азаматтардың басым бөлігі жаңа Конституцияның ережелерін оң бағалайтынын айтты.
«В основе этой поддержки лежат надежда и доверие простых людей к Главе государства и к изменениям, которые реализуются по его инициативе. То есть главным оплотом проводимых в стране преобразований является доверие народа. Если бы у людей не было доверия к власти и поддержки Президента, было бы трудно не только реализовывать реформы, но даже начинать их. Именно доверие граждан и поддержка народа дают нам силы проводить такие системные и глубокие преобразования», – деді Ерлан Карин.

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Конституция өткеннің сабақтарын қазіргі заман құндылықтарымен және елдің болашаққа ұмтылысымен байланыстыратынын айтты. Оның сөзінше, Негізгі заңда Қазақстан дамуының негізгі қағидаттары – тәуелсіздік пен теңдік, заң мен тәртіп, әділдік пен бірлік көрініс тапқан. Ол жаңа Конституцияны қабылдау азаматтардың болашаққа деген сенімін нығайтуға берік негіз болатынын және Қазақстанды жасанды интеллект дәуірінде заманауи, жоғары технологиялы мемлекет ретінде ілгерілетуге ықпал ететінін атап өтті.
Отырыста қатысушылар өңірлерде азаматтар Негізгі заң жобасынан өздері үшін маңызды әрі жақын, олардың мүдделері мен құқықтарын қорғайтын нормаларды табатынын айтқанын жеткізді. «Мемлекет адам үшін, адам мемлекет үшін емес» қағидатын бекітетін, сондай-ақ адами капиталды дамытуға, ғылымды, инновацияны, білім мен мәдениетті қолдауға бағытталған жаңашылдықтар ерекше қолдауға ие болғаны атап өтілді.
Сондай-ақ «әділдік», «Заң және Тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал Азамат», Ұлы даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтау идеялары кең қолдау тапқаны айтылды. Бұл ұстанымдардың преамбулада бекітіліп, Конституцияның барлық баптары арқылы өзек болып өтетіні, сондай-ақ олардың барлығы өз уақытында Мемлекет басшысы тарапынан ұсынылғаны, қоғамды біріктіргені және енді елдің алға жылжуына берік құқықтық негізге айналатыны атап өтілді.
Жиында коалиция Президент саясаты мен жаңа Конституцияны қолдауда елдің қоғамдық-саяси бірлестіктерінің кең ауқымын біріктірген біртұтас күшке айналғаны да айтылды. Коалиция құрамына бес саяси партия және шамамен 300 қоғамдық ұйым кіргені, олардың шамамен 5 миллион қазақстандықтың мүддесін білдіретіні көрсетілді. Бұл қоғамның әртүрлі институттарының күш-жігерін ел болашағы туралы ашық әрі мазмұнды жалпыұлттық диалог жүргізу секілді негізгі мемлекеттік міндет төңірегіне шоғырландыруға мүмкіндік бергені айтылды.
Іс-шара барысында сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Асхат Аймағамбетов, Ирина Смирнова, Жанарбек Әшімжан, Екатерина Смолякова, мемлекеттік және қоғам қайраткері Жақсыбек Күлекеев, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Аят Сүгірбай, журналист Нұрбек Матжани сөз сөйледі.

Отырыстың қорытындысында қатысушылар коалиция жұмысы аяқталмайтынын атап өтті. Олардың айтуынша, Конституцияны қабылдау – елдің жаңа тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы. Коалиция құрамына кірген барлық ұйымдар Негізгі заңдағы жаңашылдықтарды іс жүзінде жүзеге асыру бағытында жұмысты жалғастырып, адамдарға олардың мәнін және қоғам үшін ашатын мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге көмектесетінін жеткізді.
Коалиция мүшелері қазақстандықтарды алдағы референдумға қатысуға шақырып, әр азаматтың дауысы елдің болашағы мен Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның одан әрі дамуына әсер ететінін айтты.



