15 наурызға арналған ауа сапасы болжамы: Алматы және бірқатар қалаларда қолайсыз метеожағдай күтіледі

Қазгидромет өз сайтында Алматы және басқа қалалардың тұрғындарына ескерту жариялады. Ақпарат алдағы жексенбіге арналған ауа сапасы болжамына қатысты.
Хабарламада: «15 марта неблагоприятные метеорологические условия ожидаются в городах Алматы, Уральск, Караганда, Балхаш, Жезказган, Темиртау, Актобе, ночью — в Костaнае, Атырау» делінген.
Қолайсыз метеожағдайлар (ауа ластануы) — қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Бұл факторлар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.
Төменде синоптиктер келтірген ауа райы болжамы берілген:
- Алматыда — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 4–6 градус аяз, күндіз 5–7 градус жылы.
- Оралда — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде 6–8 градус аяз, күндіз 4–6 градус жылы.
- Қарағандыда — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 6–8 градус аяз, күндіз 0–2 градус аяз. Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде қар, төменгі боран, көктайғақ күтіледі, күндіз солтүстік пен шығыста — жауын-шашын (жаңбыр, қар), төменгі боран, көктайғақ.
- Жезқазғанда — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 1–6 м/с. Ауа температурасы түнде 5–7 градус аяз, күндіз 3–5 градус жылы.
- Ақтөбеде — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 4–9 м/с. Ауа температурасы түнде 8–10 градус аяз, күндіз 3–5 градус жылы.
- Қостанайда — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде 5–7 градус аяз, күндіз 1–3 градус жылы.
- Атырауда — ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан: түнде 2–7 м/с, күндіз 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде 1 градус аяздан 1 градус жылыға дейін, күндіз 10–12 градус жылы.
Сондай-ақ: «Тепло до 15 градусов идёт в Казахстан».


