Иран Үндістан кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді

**Иран Үндістан кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз өтуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.** Бұл туралы Иранның Үндістандағы елшісі Мохаммад Фатхали RT India телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Елші үнді кемелерінің өтуіне қатысты сұраққа жауап бере отырып: "Иә, сіз мұны болашақта көресіз, менің ойымша, екі немесе үш сағаттан кейін. Өйткені біз Иран мен Үндістан — достар екеніне берік сенеміз", — деді.
Бұл мәлімдеме Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен Иран президенті Масудом Пезешкианның телефон арқылы сөйлесуінен бір күн өткен соң жасалды. Әңгіме барысында премьер үздіксіз жеткізілімдердің маңызын атап өткен.
Бұған дейін NDTV телеарнасы кемінде екі үнді танкері — **"Пушпак"** және **"Паримал"** — Ормуз бұғазынан қауіпсіз өткенін хабарлаған. Бұл ретте АҚШ, Еуропа және Израиль кемелері шектеулерге ұшырауын жалғастырып отырғаны айтылған.
Сонымен қатар Financial Times мәліметінше, Ормуз бұғазы мәселесі бойынша Иранмен Еуропалық одақтың кейбір мүшелері диалог жүргізіп жатыр.
Мақалада: "Францияны қоса алғанда, еуропалық елдер Ормуз бұғазы арқылы өз кемелерінің қауіпсіз өтуіне кепілдік беретін келісімге қол жеткізуге ұмтылып, Тегеранмен келіссөздерді бастады", — делінген.
Газет дерегіне сәйкес, бұл мәселені Иранмен талқылауға Италия да әрекет жасаған. Сондай-ақ Еуропа шиеленістің ушығуынан қауіптеніп, Ормуз бұғазында кемелерге әскери ілесіп жүруге дайын емес екені айтылған.
Бұған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп сауда кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берген. Ал КСИР ӘТК қолбасшысы Алиреза Тангсири Тегеран америкалық флоттың олардың кемелерін ілесіп жүруіне жол бермейтінін мәлімдеген.
Накануне Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Ормуз бұғазы жабық күйде қалуы тиіс екенін айтып, Иран оны АҚШ пен Израильмен қақтығыста қысым тетігі ретінде пайдаланатынын мәлімдеді.
Израиль мен АҚШ **28 ақпан** күні таңертең Иранға қарсы соғыс бастап, оның аумағындағы нысандарға жаппай соққы жасаған. Нәтижесінде Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Али Хаменеи және бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер мен күштік құрылым өкілдері қаза тапқан. Иран жауап ретінде Израиль аумағына және АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери базаларына соққы беріп жатыр. Иран соққылары аймақтағы араб елдеріне де әсер еткен.
Қақтығыс салдарынан Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы дерлік тоқтап қалды. Бұл бұғаз — Парсы шығанағы елдерінен әлемдік нарыққа энергия ресурстарын жеткізудің негізгі бағыты. АҚШ пен Израильдің бірлескен әскери операциясы басталғанға дейін осы маршрут арқылы жаһандық мұнай саудасының үштен бірі өткен, ал жеткізілімдердің едәуір бөлігі Азия-Тынық мұхиты өңіріне бағытталған.
Дүйсенбі күні Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін **119 доллардан** жоғары көтеріліп, **2022 жылғы маусымнан** бері алғаш рет осы деңгейден асты. Баға өсімі **29–31 пайызды** көрсетті. Газ бағасы да қымбаттады, әсіресе Еуропада. Ақпан айының соңынан бері ондағы биржалық бағалар **100 пайыздан** астам өскен.


