«Ордабасы» мен «Тобол» ФИФА-ның трансферлік тыйымынан шықты

Қазақстандық «Ордабасы» және «Тобол» футбол клубтары Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) жаңа ойыншыларды тіркеуге қатысты енгізген трансферлік тыйымынан шықты.
10 және 11 наурызда Қазақстанның екі клубы ФИФА-ның жаңа ойыншыларды тіркеуге тыйым салған тізіміне енгізілген болатын.
Бүгін, 13 наурызда, ұйымның ресми сайтында Шымкент пен Қостанай өкілдері енді жоқ.
Клуб өкілдері бұған дейінгі сұрауға жауап ретінде тізімге енгізілу таза техникалық сипатта болғанын және санкциялар жақын арада алынатынын айтқан.
Жоғарыда — ФИФА сайтының 12.03.2026 күнгі скриншоты, төменде — 13.03.2026 күнгі нұсқасы.

Қазіргі уақытта ФИФА-ның бан-тізімінде әлемнің түкпір-түкпірінен 1018 клуб бар. Олардың қатарында ресейлік «Анжи» мен «Химки», армениялық «Урарту», «Вест Армения» және «Лори», сондай-ақ Франция, Италия, Испания және Түркияның бірқатар командалары аталады.
Бұған дейін «Ордабасы» жастар командасының капитаны Ақтөбеден келген құрдастарымен өткен матчтағы жаппай төбелестен кейін полиция тарапынан ұсталғаны хабарланған.
Ал қостанайлық «Тобол» пенальти сериясында алматылық «Қайратты» жеңіп, футболдан Қазақстан Суперкубогын ұтып алған.


