Алматыдағы балаларды қолдау орталығында тәрбиеленуші қыздың шағымынан кейін инъекция іздері анықталып, ауруханаға жеткізілді

Алматыдағы арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы №2 тәрбиеленушісіне қатысты оқиға соққы мен қорлау туралы шағымдардан басталып, кейін денесінен түсініксіз инъекция іздері табылып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізумен аяқталған.
Қоғамдық қор — «Қазақстанның асырап алушы ата-аналар қауымдастығы» — басшысы Жанна Кимнің айтуынша, қорға колледждің оқу ісі жөніндегі орынбасары көмек сұрап жүгінген. Оның сөзінше, аталған орталықта тұратын кәмелетке толмаған студент қыз тәрбиешіге шағымданған.
Шағымда тәрбиешінің қызды аяғына массаж жасауға мәжбүрлегені, «жезөкше» деп атағаны және басынан ұрғаны айтылған. Оқытушылар бұл жағдай бойынша әріптестеріне хабарлаған.
Алайда шағымдардан кейін жағдайдың ушыға түскені көрсетіледі. Жанна Кимнің сөзінше, бірнеше күннен соң колледждің ресми комиссиясы орталыққа барып, қызды ауыр халде тапқан: сөзі шатасқан, бағдарынан жаңылған, тиктері болған, көзқарасы фокусқа түспеген, сондай-ақ психотроптық препараттардың әсеріне ұқсас айқын белгілер байқалған. Оның денесінен инъекция іздері анықталып, қыз шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.
Оқиғаға байланысты полиция кәмелетке толмағанды қинау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
#Избили #накачали #транквилизаторами #Скандал #вЦентре #поддержки #детей #алматы #новостиказахстан #новостикз









