2026 жылғы 1 сәуірден бастап Жезқазған мен Ақтау арасында тікелей жолаушылар пойызы қатынайды

2026 жылғы 1 сәуірден бастап Жезқазған мен Ақтау арасында тікелей жолаушылар пойызы қатынай бастайды.
Жаңа бағыт қолданыстағы Қарағанды – Жезқазған маршрутын «Маңғыстау» станциясына дейін ұзарту есебінен ұйымдастырылды (Ақтаудан 13 шақырым).
Осы өзгерістен кейін жолаушылар Жезқазғаннан Маңғыстау облысына ауысып мінбей, тікелей қатынай алады. Жол жүру уақыты шамамен 29 сағат болады. Қатынас жиілігі – аптасына екі рет.
Жаңа бағытқа арналған билеттер қазірдің өзінде сатылымға түсті.
Пойыздың іске қосылуы туризмді дамытуға, сондай-ақ өңірлер арасындағы іскерлік және еңбек байланыстарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


