Өскемендегі қалалық автобуста 10–12 жастағы қыздарға тиісу оқиғасы тіркелді
Өскемендегі қалалық автобуста оқыс оқиға болды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам сапар кезінде шамамен 10–12 жастағы қыздарға тиісіп отырған.

Оны жолаушылардың бірі байқап, балаларға араша түсуге шешім қабылдаған. Соның салдарынан жолаушы мен ер адам арасында төбелес болған.
Оқиға видеоға түсіріліп, кейін желіде жарияланған. Алайда жанжалдан кейін күдікті қашып үлгеріп, бой тасалағаны айтылды.
Полиция қазір оның жеке басын анықтап, болған жайттың барлық мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді.
🎥: @susynday
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...

