Астанада екінші әуежай салу жобасы бойынша жұмыс басталды — Талғат Ластаев

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Астанада екінші әуежай салу мәселесіне қатысты түсініктеме берді. Бұл жоба туралы бұған дейін елорда әкімі Жеңіс Қасымбек те айтқан болатын.
Сенаттағы брифингте журналистер Ластаевтан жобаның іске асырылу кезеңі туралы сұрады. Бұған дейін жаңа әуе айлағын Қарағанды тасжолы бойына орналастыру жоспарланып отырғаны хабарланған.
Ластаевтың айтуынша, жұмыс қазірдің өзінде басталған.
"Қала әкімдігі басшылығымен жұмыс тобы құрылды, оның құрамына барлық құзырлы органдар кірді. Әрине, бұл мәселеге өте мұқият, егжей-тегжейлі жұмыс алғышарт болады, өйткені көптеген параметрді ескеру қажет", — деді вице-министр.
Ол қазіргі уақытта мамандар мен сарапшылар әртүрлі нұсқаларды қарастырып жатқанын атап өтті.
"Процесс басталды, ол жүріп жатыр. Барлық техникалық мамандар, сарапшылар барлық мүмкін нұсқаларды зерттеп жатыр", — деді Ластаев.
Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсанда Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада жаңа әуежай салынуы мүмкін екенін айтқан. Оның сөзінше, бірнеше әуежай салу тәжірибесі әлемдегі көптеген ірі астаналарға тән. Сондай-ақ елорданың бас жоспарында әуе айлағын ықтимал салуға арналған перспективалық учаскелер қарастырылған.


