Алматыда КазТАГ ақпарат агенттігінің иесі Асет Матаев ұсталды

Алматыда КазТАГ ақпарат агенттігінің иесі Асет Матаев ұсталды. Оқиға түнде Медеу ауданында, ойын-сауық орындарының бірінің маңында болған.

Полиция мәліметінше, жанжал көшеде бірнеше ер адам арасында басталып, кейін төбелеске ұласқан.
«Алдын ала деректер бойынша, екі қатысушы — М. және Р. азаматтары — алкогольдік масаң күйде, ойын-сауық орнынан шыққан соң екі ер адаммен сөзге келіп, олардың бірін әйел деп атап, соның салдарынан жанжал төбелеске ұласқан», — деп хабарлады ДП.
Полицейлер жанжалға қатысқан барлық адамдарды ұстап, бөлімшеге жеткізген. Қазіргі уақытта оқиға бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтап жатыр.
Бұған дейін де КазТАГ агенттігі төңірегінде резонанс болғаны атап өтілді. 2025 жылғы желтоқсанда полиция Freedom Finance компаниясының арызынан кейін Асет Матаевқа және бас редактор Амир Касеновқа қатысты қылмыстық іс қозғаған. Оларға көрінеу жалған ақпарат тарату бабы бойынша айып тағылған.


