Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова сотта журналистердің видеоға түсіруі мен фотоға түсіруіне қарсы шықты

Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова сот отырысында журналистердің оларды видеоға түсіруі мен суретке түсіруіне қарсы шықты.
Эльмира Толегенова бұл шешімінің себебін сот отырысындағы үзіліс кезінде түсіндірді.
"У меня старший ребёнок ходит в школу, и моему ребёнку задают неуместные вопросы касательно нашей личной жизни", — сказала Толегенова во время перерыва в судебном заседании.
Сот отырысы бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өтіп жатыр. Танымал блогерлерге 214-баптың 2-бөлігінің 2-тармағы — "Незаконное предпринимательство" және Қылмыстық кодекстің 218-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы — "Легализация (отмывание) денег и (или) иного имущества, полученных преступным путем" бойынша айып тағылған.
Еске салайық, 2025 жылғы 9 қазанда апелляциялық алқа блогерлер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Толегенованың шағымдарын қанағаттандырмай қалдырған. Бұл олардың бастапқыда әкімшілік сипаттағы істерін қылмыстық іске қайта саралап, тергеу жүргізуге мүмкіндік беретінін білдірген.
Кейін Қаржылық мониторинг агенттігі блогерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Жанабыловқа екі жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнуі мүмкін.
Блогерлер Жанабыловтар туралы Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенова Қазақстандағы ең танымал блогерлердің қатарында. Ерболаттың аккаунтына 8,4 миллион адам, Эльмираның парақшасына 7,1 миллион адам жазылған. Олардың жарияланымдары тұрақты түрде миллиондаған қаралым жинайды, ал ұтыс ойындары Instagram желісінде жиі вирустық сипат алады.
Тергеу нұсқасы: схема қалай жұмыс істеген Тергеу нұсқасына сәйкес, Instagram-да 15 миллионнан астам жазылушысы бар ерлі-зайыптылар аудитория сенімін пайдаланып, заңсыз табыс табуға тырысқан. 2025 жылы олар қымбат жүлделер ұтысына қатысу негізгі ынталандыру болған онлайн-курстарды сату түрінде схема ұйымдастырды деген болжам бар.
Білім беру құндылығы жоқ контент Тергеу видеоматериалдардың білім беру құндылығы болмағанын анықтаған. Контенттің едәуір бөлігі ашық дереккөздерден, соның ішінде YouTube платформасынан алынған және лицензиясы жоқ лотереяны бүркемелеу үшін ғана қолданылғаны айтылған.
Жүлде қорының қалыптасуы Сондай-ақ жүлде қоры көпшілік алдында жарияланғандай өз қаражатынан емес, қатысушылардан онлайн-курс ақысы ретінде түскен ақша есебінен қалыптасқаны хабарланған.
Ұтыс ойынындағы ықтимал манипуляциялар Қаржылық мониторинг агенттігі электронды "барабан удачи" параметрлерінің өзгертілгенін мәлімдеді. 5 мың теңге ұтып алу ықтималдығы жасанды түрде арттырылған, ал құны жоғары жүлделерді алу мүмкіндігі айтарлықтай төмендетілген.
"Подозреваемые публично заявляли о вручении 11-го автомобиля участнику, совершившему наибольшее количество репостов, с целью увеличения охвата и привлечения внимания к акции. Однако в действительности победитель не определялся, передача приза не производилась", — отметили в агентстве.
Қанша ақша түскені айтылды Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, блогерлер бақылауындағы Zhana Business ЖШС шоттарына азаматтардан 247,5 миллион теңге түскен. Оның 60 миллион теңгесі депозиттік шоттарға орналастырылған.
Мүлікке тыйым салу және бұлтартпау шарасы Сот санкциясымен 10 автокөлікке, оның ішінде Lamborghini Urus және Lexus LX 600 көліктеріне, сондай-ақ 17 iPhone телефонына тыйым салынған.
Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегеноваға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ таңдалған.


