Қазақстанда Talgo құрамдарын алмастыратын Stadler жолаушылар вагондары сәуірде іске қосылуы мүмкін

Қазақстанда Talgo құрамдарын алмастыруға арналған алғашқы Stadler жолаушылар вагондарын сәуір айында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді.
Ластаевтың айтуынша, іске қосу жақын уақытта күтіледі.
«По дате — это апрель. Есть определённые вопросы по техническим требованиям между "Қазақстан темір жолы" и Stadler, эта работа сейчас ведётся», — деді ол Сенаттағы брифингте.
Сондай-ақ вице-министрдің сөзінше, биыл 191 вагон шығару жоспарланған.
Еске салайық, 2025 жылғы мамырда Қазақстанның «Тальго» вагондарынан бас тартатыны белгілі болды: жаңаларын сатып алу жоспарланбайды, ал қолданыстағы вагондар қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін жұмысын жалғастырады.
Читайте также: «Заменят "Тальго": на каких направлениях Казахстана появятся новые вагоны Stadler»
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


