Дияр Нұрғожай UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы Дияр Нұрғожай (11-2) UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 326 нөмірлі турнирінде өтті. Нұрғожайдың қарсыласы бразилиялық Рафаэл Тобиас (14-2) болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Нұрғожай үшін бұл UFC-дегі алғашқы жеңіс, бұған дейін оның еншісінде екі жеңіліс болған. Қазақстандық файтердің дебюті 2025 жылдың наурыз айының ортасында өтті: ол екінші раундта бразилиялық Брендсон Рибейроға қолды ауырту әдісімен (болевой) жеңілді. Тамызда Нұрғожай қырғызстандық Уран Сатыбалдиевпен кездесіп, бірінші раундта тұншықтыру әдісімен (удушающий) ұтылды.
ММА-дегі жалпы мансабында Нұрғожай 11 жеңіске жеткен. Ал Тобиас ММА-да 14 жеңіс көрсеткішімен қатар, екінші рет жеңілді.
Турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы америкалық Макс Холлоуэй (27-8) мен бразилиялық Чарльз Оливейра (36-11-0-1) кездеседі.


