Астанада Iveco маршруттық автобусы аялдамаға соғылды: зардап шеккендер жоқ

Астанада автобус қатысқан жол-көлік оқиғасы тіркелді: жүргізуші басқаруды игере алмай, аялдамаға соғылған.
Бұған дейін елордада Сейфуллин көшесінде, №10 емхана ауданында автобус аялдамаға кіріп кеткені хабарланған.
Полиция департаментінің мәліметінше, 18 наурызда Iveco маркалы маршруттық автобусы Сейфуллин көшесімен жүріп келе жатып, аялдамаға тоқтау кезінде басқаруды игере алмай, аялдама кешенін қағып кеткен.
Полиция департаменті зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. Автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың, қауіпсіз жылдамдық режимін ұстанудың және көлік құралын басқару кезінде, әсіресе қоғамдық көлік аялдамалары маңында, мұқият болудың маңызын еске салды.
Бұған дейін Қарағанды қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары қалалық бөлімінің баспасөз қызметі маршруттық автобустың нашар жағдайын түсіндірген.
Астанада автобустарға орнатылған жаңа камералар жүргізушілерді алаңдатты.


