Қазавиақұтқару тікұшағы Жетісай ауданынан Шымкентке санитарлық рейс орындады

ТЖМ-ның Қазавиақұтқару авиациялық қызметінің тікұшағы Түркістан облысының Жетісай ауданынан Шымкент қаласына санитарлық рейс орындады.

🚁 Санитарлық рейс «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» РМҚК-ның үйлестіруімен ұйымдастырылды. Рейс барысында Түркістан облысындағы 4 жасар бүлдіршін Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді.
🏥 Гипербариялық орталық Шымкентте орналасқандықтан, ал Жетісай ауданында шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті арнайы жабдықтар жеткіліксіз болғандықтан, науқасты тасымалдау қажет болды.
✅ Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындап, барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, зардап шеккен бүлдіршінді межелі жерге жеткізді. Қону сәтінен кейін бүлдіршін арнайы мамандандырылған дәрігерлердің бақылауына тапсырылды.


