ТЖМ арнайы борты Жамбыл облысында сегіз айлық сәбиді шұғыл түрде облыс орталығына жеткізді

ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы Жамбыл облысында санитарлық рейсті сәтті орындады 🚁. Ауыр хәлде болған сегіз айлық қыз бала Шу ауданынан облыс орталығына жеткізілді.

Сәби денсаулығына қатысты әрбір минут маңызды 👨✈️. Құтқарушылар экипажы барынша жедел әрекет етіп, ұшу қалыпты режимде өтті. Бүлдіршін қысқа уақыт ішінде облыстық аурухананың дәрігерлеріне тапсырылды.
Қазіргі уақытта оның жағдайын өңірдің білікті мамандары бақылауда.
ТЖМ авиация паркі елдің ең шалғай елді мекендерінде де медициналық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, тұрақты дайындық режимінде жұмыс істейді ✅.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


