Жаңбырлы күні Ми-8 тікұшағы санитарлық рейспен жаңа туған нәрестеге көмек көрсетті

Қолайсыз ауа райы жағдайларына қарамастан, ТЖМ әуе кемесінің командирі Талгат Тажикбаевтың шешімімен Ми-8 тікұшағы кезекті санитарлық рейс жасап, жаңа туған нәрестеге көмекке келді.

Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін ТЖМ экипажы реаниматолог дәрігерлер Зухра Әмзеева және Ерболат Нурмановпен бірге Қызылорда – Айтеке би – Қызылорда бағыты бойынша ұшты.
ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштарының үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде, жаңа туған сәби анасы екеуі Қызылорда қаласына әрі қарай медициналық көмек көрсету үшін жедел және қауіпсіз жеткізілді.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


