Солтүстік Қазақстан облысында өзендердегі мұзды ұсақтау үшін бақыланатын жару жұмыстары басталды

Солтүстік Қазақстан облысында өзендердегі мұзды ұсақтау үшін бақыланатын жару жұмыстары басталды.

Өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып, тасқын судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етудің тиімді тәсілдерінің бірі ретінде мұзды ұсақтау үшін бақыланатын жару жұмыстары жүргізілуде.
Биыл бұл жұмыстар 16–21 наурыз аралығында Есіл өзенінде, оның салаларында және облыстың шағын өзендерінде атқарылып жатыр.
Жұмыстардың негізгі мақсаты:
- мұз жамылғысын әлсірету және бұзу;
- мұз кептелістерінің пайда болуын болдырмау;
- мұздың еркін жүруін қамтамасыз ету;
- көктемгі су тасқыны кезінде өзен арналарының су өткізу қабілетін арттыру.
Бұл шаралар елді мекендерді, инфрақұрылым нысандарын және ауыл шаруашылығы алқаптарын су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жұмыстар Қызылжар ауданы аумағындағы Есіл өзенінде жүргізілуде. Бүгінгі күні 5 учаскеде жұмыстар атқарылып, жалпы аумағы 2 600 шаршы метр мұз ұсақталды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...

