Қарағандыда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті: 2 мыңнан астам наркограффити жойылды

💠 Қарағандыда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті: 2 мыңнан астам наркограффити жойылды
Қарағандыда есірткіге қарсы ауқымды акция ұйымдастырылып, оның аясында тыйым салынған заттарды таратуға арналған интернет-ресурстарға сілтемелері бар 2 мыңнан астам граффити боялып, жойылды.
Акцияға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 500-ден астам студенті, сондай-ақ еріктілер мен жастар ұйымдарының белсенділері қатысты.
— Іс-шараның негізгі бағыттарының бірі — есірткі жарнамасын жою. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде тыйым салынған заттарды таратуға арналған интернет-ресурстарға сілтемелері бар 2 мыңнан астам граффити боялып, жойылды, — деді Қарағанды қалалық полиция басқармасының бастығы Шахназар Салин.
Сонымен қатар шара аясында тұрғындармен кең көлемді түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Қала тұрғындарына есірткінің зияны, есірткі қылмыстарға қатысқаны үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ олардың таралуына қарсы іс-қимыл жолдары түсіндірілді. Ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
💠 Караганда усиливает борьбу с наркотиками: свыше 2000 наркограффити ликвидировано в ходе масштабной акции
В акции приняли участие более 500 студентов организаций технического и профессионального образования, а также волонтеры и активисты молодежных организаций.
— Одним из основных направлений мероприятия стало устранение рекламы наркотиков. В результате совместной работы было закрашено и уничтожено более 2 тысяч граффити с ссылками на интернет-ресурсы, предназначенные для распространения запрещенных веществ, — сообщил начальник управления полиции города Караганды Шахназар Салин.
Кроме того, в рамках акции были проведены масштабные разъяснительно-профилактические работы с населением. Жителям города рассказали о вреде наркотиков, уголовной ответственности за участие в наркопреступлениях, а также о мерах противодействия их распространению. Были распространены информационно-познавательные материалы.
#ЗАКОНИПОРЯДОК


