Алматыда 4 жастағы қыз 3-қабаттың терезесінен құлап, шұғыл ауруханаға жеткізілді

Алматы қаласында өткен жылдың мамыр айында Алатау ауданының «Өжет» ықшамауданында 4 жастағы қыз бала бірнеше минутқа қараусыз қалып, ауыр жарақат алды.

Оқиға кезінде анасы курьерден сәлемдеме қабылдап, тез ораламын деп ойлаған. Әкесі жұмыста болған.
Бала 8 қабатты үйдің 3-қабатындағы терезеден құлап кеткен. Дәрігерлер қойған диагноз: жабық бас-ми жарақаты және іш қуысының тұйық жарақаты. Қыз бала шұғыл түрде №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді.
Абырой болғанда, дәрігерлердің көмегімен баланы аман алып қалу мүмкін болды. Біраз уақыт өткеннен кейін қыздың жағдайы тұрақталып, оны үйіне жіберді. Алайда оқиғаның соңы басқаша аяқталуы да мүмкін еді.
❗️Қауіп алдын ала ескертпейді. Ол сіз «бір сәтке ғана алаңдап қалғанда» келеді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


